деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Олардың жасы шамамен 70 миллион жыл деп есептеліп отыр. Ең үлкен із таңбасының мөлшері 60 сантиметрді құрайды. Орташа алғанда іздер 10-20 сантиметрден аспайды. 10 шаршы шақырым алаң аумағында 20-ға жуық із-таңба анықталды.
Зерттеушілер іздерді зауроподтарға - шөппен қоректенетін алып динозаврларға тиесілі деп ұйғарып отыр. Зауроподтар Жерде қай кезде де тіршілік еткен барлық жануарлардың ішіндегі ең ірісі болып саналып келді. Ғалымдардың бағалауынша, шағын іздердің «иелерінің» ұзындығы алты метр болған. Ең ірілері 40 метрге жеткен.
Жаңазеландиялық іздер тамаша сақталғанымен де ерекшеленеді. Ғалымдар оларды жағалаудағы қайраңда қалдырылған деп ұйғарады.