Жаңа Зеландияда дельфиндердің қырылуы: Олардың көздері жасқа толы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бұл менің өмірімдегі ең сұмдық түн болды». Жаңа Зеландияның шалғай жағалауына шығып қалып, қырылған 145 дельфинді тауып алған Лиз Карлсон сол сәтті осылай еске алады.

150-ге жуық қара дельфин су қайтқанда таяз жерде қалып қойып, өмір үшін жанталасқан. 

«Бұл менің миыма сыймайды. Біз күн батар кезде жағалауға келіп, ерекше бірдеңені көрдік», - деді ол Би-би-си-ға.

«Біз олардың дельфин екенін түсінгенде, заттарымыздың бәрін лақтырып, суға қарай жүгірдік». 

Фото: LIZ CARLSON