Жаңа Зеландияда иттер көлік жүргізуді үйренді

None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда жануарларды жаттықтырушылар иттер тобын көлік жүргізуге үйретті, деп хабарлайды BBC News.

Оларды үйретумен жануарларды жәбірлеуге қарсы жергілікті қайырымдылық ұйым айналысты. Жануарларды жаттықтырушылардың мақсаты қоғамға иттердің интеллектуалды мүмкіндіктерін көрсету болды.

Daily Mail хабарлағандай, төрт аяқтыларды үйретуге 8 айға жуық уақыт кетті. Бірінші кезеңде олар бөлек тұрған жылдамдықты ауыстыру тұтқышына аяқтарын тигізуді үйренді. Кейін көліктің газы мен ажырату педалі бар ағаш арбаға отырғызылды.

Ақыр соңында жануарларды жаттықтырушылар үздік 3 итті таңдады. Олар далада жүрген қарапайым иттер болып шықты. Келесі дүйсенбіде иттер тікелей эфир арқылы жаңазеландиялық теледидардан көлікте жүру машықтарын көрсететін болады.