Оларды үйретумен жануарларды жәбірлеуге қарсы жергілікті қайырымдылық ұйым айналысты. Жануарларды жаттықтырушылардың мақсаты қоғамға иттердің интеллектуалды мүмкіндіктерін көрсету болды.
Daily Mail хабарлағандай, төрт аяқтыларды үйретуге 8 айға жуық уақыт кетті. Бірінші кезеңде олар бөлек тұрған жылдамдықты ауыстыру тұтқышына аяқтарын тигізуді үйренді. Кейін көліктің газы мен ажырату педалі бар ағаш арбаға отырғызылды.
Ақыр соңында жануарларды жаттықтырушылар үздік 3 итті таңдады. Олар далада жүрген қарапайым иттер болып шықты. Келесі дүйсенбіде иттер тікелей эфир арқылы жаңазеландиялық теледидардан көлікте жүру машықтарын көрсететін болады.