Жаңа Зеландияда коронавирустың 6,9 мың жағдайы тіркелді

ВЕЛЛИНГТОН.ҚазАқпарат – Жаңа Зеландия денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні коронавирустың 6 910 жаңа жағдайы тіркелгенін және 16 адамның пандемиядан қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат News CN-ге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ауруханаларда COVID-19-дан 836 науқас ем қабылдап жатыр, соның ішінде 27 адам интенсивті терапия бөлімінде.

Жаңа Зеландия билігі пандемия басталған 2020 жылдан бері коронавирустың 1 559 072 расталған жағдайын хабарлады, қайтыс болғандар саны - 2 006 адам.

Қазіргі уақытта Жаңа Зеландияда коронавирустан қорғанудың сары режимі енгізілген. Оған сәйкес, вирусты азайту бойынша ешқандай шектеу шаралары қарастырылмаған.


Фото: news.knowledia.com