Жаңа Зеландияда күшті жер сілкініс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның солтүстік жағалауында 23 маусым күні магнитудасы 7,2 балдық жер сілкінді.

Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметі хабарлады. Жер асты дүмпуінің кіндігі Рауль аралынан 128 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзала ошағы теңіз түбінде 5 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәліметтер түскен жоқ.