Мұнда А. В. Рид-тің «Маори елінің мифтері мен аңыздары» атты туындысы жайлы сөз болып отыр. Окленд кітапханасында бұл шығарманың небәрі үш данасы ғана сақталған.
"Ол кітапты бала кезінде алғанын және көп жылдар бойы оны қайтармақ болғанын айтты", - деді Окленд қаласы кітапханасының қызметкері, деп жазады Guardian газеті.
Оқырман кітапты ересек кезінде алған болса, қазір ол 17 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болар еді. Алған кезінде әлі бала болғандықтан, ол жазаланбайды.