Олар күн сайын таңертең мұхитқа барып, кешке қарай ұяларына қайта оралады. Жер асты жолы пингвиндердің автомобиль доңғалақтарының астына түсу қаупін азайтып отыр. Сондай-ақ, арам ойлы туристердің де құрығынан құтылуға септігі тиюде.
Австралия мен Жаңа Зеландияны мекен ететін кіші пингвиндер құстың бұл түрінің ең бойы аласалары болып есептеледі. Денелерінің ұзындығы 30-40 сантиметрден аспайды, деп жазады lenta.ru.