Референдум нәтижелері 24 наурызда белгілі болады. Әлеуеттік сауалдамалар мәліметтері бойынша жаңазеландиялықтардың көпшілігі елдің қазіргі туын сақтап қалуды жақтайды.
Бұған дейінгі рефрендумның алғашқы кезеңі желтоқсанда өткен болатын. Оның қорытындыларымен тудың жаңа үздік дизайны таңдвалды: онда қара және көк түсті матаның үстіне күміс папоротник пен бесбұрышты төрт қызыл жұлдыз салынған дизайнды эскиз жеңімпаз болды. Жалпыұлттық конкурсқа 10 мыңнан астам эскиз қатыстырылды.
Желтоқсандағы дауыс беруге сайлаушылардың келуі 48 пайызды құрап, ел тарихындағы референдумдардың бәрінен де төмен болды.
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джон Кей қазіргі ту бүгінгі өзгерістерге жауап бермейді, оны бұрынғы британдық отар елдердің мемлекеттік рәміздерімен, соның ішінде австралиялық тумен шатастыру оңай, деп мәлімдеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік рәмізді өзгертуге қарсылар рефрендумды өткізу 27 млн. доллар қаржыны босқа желге шашу деп атап өтеді.