Жаңа Зеландияда жер сілкінісі болды, қаза тапқандар бар

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда 6,3 балдық магнитудалы қатты жер сілкінісі болды.

Жер асты дүмпулері Крайстчерч қаласының маңында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым жерде жатыр, деп хабарлайды АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып, РБК агенттігі.

Associated Press агенттігінің жазуынша, жер сілкінісінің салдарынан қалада ғимараттардың қирап қалғандығы көрініс тапқан, алдын ала болжам бойынша қаза тапқандар бар, алайда олардың нақты саны белгісіз.

Бұдан сәл бұрынырақ дәл осы ауданда 5,6 балдық жер сілкінісі болған еді. Осы оқиғаға қатысты ақпарат келіп түсуде.