Жаңа Зеландияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 113 адамға жетті

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда болған қатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 113 адамға жетті.

Полиция өкілдері хабарлағандай, көз жұмған адамдар қирандылардағы іздеу жұмыстары барысында табылып жатыр, деп хабарлайды РБК агенттігі. Бұрын құрбан болғандар саны 103 адам деп хабарланған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпан күні халық саны бойынша екінші орында тұрған Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында 6,3 және 5,6 балдық, тағы 5,5 балдық үш жер сілкінісі болған еді. Қалада адамдарды жаппай қауіпсіз жерлерге көшіру басталып, жергілікті әуежай жабылды. Ел премьер-министрі Джон Кейдің айтуынша, 2011 жылдың 22 ақпаны Жаңа Зеландия үшін ел тарихындағы «ең қаралы күн» болды.