Бұл туралы Росбалт «Голос России» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
"Зілзала кіндігі Крайстчерс қаласынан 13 шақырымдай жерде болды", - деп хабарлады АҚШ-иың Геологиялық қызметі. Жер сілкінісінің ошағы 9 шақырым тереңдікте.
Қазір қаланың кейбір аудандары электр жарығынсыз отыр. Осыдан бірнеше сағат бұрын осы маңда 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Ал ВВС телекомпаниясы алғашқы жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 балл болғанын хабарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында осы ауданда қуатты жер сілкінісі болып, оның салдарынан 240 алам қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалып кеткен еді.