Жаңа Зеландияның басым бөлігін қалың қар басты
17:27, 27 Маусым 2012
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландия орналасқан басты екі аралдардың бірі - Оңтүстік аралын қар басты. Бірнеше автомагистральдар жабылды. Бүгін тағы да 30 мм қар жауады деп күтілуде. Бұл туралы Утро. ру жазады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Антарктикадан соғып жатқан екпінді әрі суық жел апта соңына қарай бәсеңдейді. Солтүстік аралында қар әзірге таулы аудандарда ғана жауды. Сондай-ақ кеше түнде жазықта нөсерлі жаңбыр құйды.