Жаңа жатақхана «Алтын белгі» иегерлерінің үйі деп аталатын болады - ЕҰУ ректоры Б.Әбдірайым
14:38, 29 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы жылда салынатын Еуразия ұлттық университетінің жаңа жатақханасы «Алтын белгі» иегерлерінің үйі деп аталатын болады. Бұл туралы бүгін «Алтын белгі» иегерлерімен кездескен Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайым айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, Иманов мен Гумилев көшелерінің қиылысында салынатын Еуразия ұлттық университетінің жаңа жатақханасы 487 млн. теңгеге бағаланып отыр. Бес қабатты ғимарат 4120 шаршы метр ауданды алып, 265 орынға есептелетін болады. Аталмыш жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылған.
«Бұл жатақханада тек «Алтын белгі» иегерлері ғана тұратын болады. Сондықтан ол ғимарат «Алтын белгі» иегерлерінің үйі деп аталатын болады», - дейді Б.Әбдірайым.