Жаңа жыл түнінде Жаңа Орлеандағы оқиғадан көз жұмғандардың саны 15-ке жетті
08:40, 02 Қаңтар 2025
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласының орталығындағы Бурбон көшесінде қайғылы жағдай болды. Жан түршігерлік оқиғадан 15 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Көлік тізгіндеген қылмыскер Бурбон көшесінде жаңа жылды тойлауға жиналғандардың бірнешеуін қағып кеткен. Содан кейін ол көлігінен түсіп, адамдарға оқ жаудырған. Атыс кезінде екі полиция қызметкері жараланды.
Полицейлердің пайымдауынша, жүргізуші адамдарды әдейі басып кеткен. ФБР оқиғаны теракт ретінде тергеп жатқанын айтты.
Олар бірден мұндай қорытындыға бірден келген жоқ: алғашқы түсініктемелерде бюро өкілдері бұл оқиғаны теракт деп санамайтындарын айтқан еді.