Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2024 жылдың бірінші күні өңірде 11 сәби өмірге келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Алматы облысында 11 сәби өмірге келді. Былтыр 26 825 бала дүние есігін ашқан. Қазақстанда туу көрсеткіші жоғары деңгейде қалып отыр, бұл — елдің болашақ дамуы үшін оң фактор», — деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске салайық, былтыр қараша айында Мемлекет басшысы қазақстандықтардың саны 20 миллионға жеткенін айтқан еді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.