Қалалық коммерция басқармасының дерегі бойынша, осы уақыт аралығында қонақүй бизнесі мен қоғамдық тамақтану саласында 129,4 пайыздық өсім тіркелген.
Қалалық туризм департаментінің қызметкері Ван Хунсиннің айтуынша, Харбинге туристер ағынының артуына әлеуметтік желілердегі танымалдығы себеп болып, елдің ең танымал туристік бағытына айналған.
Сондай-ақ қалаға көп туристерді тарту және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін Харбинде бірқатар іс-шара, оның ішінде жаңа жыл түні жанды дауыста ән айту, отшашу шоуы, саябақтарға серуен және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Харбин билігі тамақтану, орналасу, туризм, сауда мен ойын-сауық сынды орындарға баратын туристердің тәжірибесін арттыру мақсатында бірқатар іс-шара қабылдады.
Харбин билігі сонымен қатар қалада тамақтану, қонақүйлерге орналасу, туризм, сауда және ойын-сауықты жақсарту үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр.