Жаңа жылдық безендіру: Алматы түгел жарықтандырылды

Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы биыл Жаңа жылды ерекше тойлап жатыр. Әуежайдан Іле Алатауының етегіне дейін шаһар түгел жарықтандырылған. Kazinform агенттігінің фототілшісі қаланың мерекеге дайындығын суретке түсіру үшін маңызды орындарды аралады.

Мерекеге орай, тек қала орталығы емес, сондай-ақ шет аймақтар да безендірілген.

Басты көрікті жерлер, әдеттегідей, Абай және Астана алаңдары болды. Онда шыршалар орнатылып, тұрғындар мен қонақтарды мерекенің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алады. Мұнда балалар мен ересектер естелік суретке түсу үшін кезекке тұрады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Сондай-ақ, Панфилов пен Арбат көшелері, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында және «Алматы Арена» мен «Атакент» маңында шыршалар, жарық инсталляциялары орнатылды. Бұл орындар дәстүрлі түрде жергілікті тұрғындар мен туристерді тарту орталықтары болып саналады. Мұнда концерттер, жәрмеңкелер және әртүрлі іс-шаралар өтеді.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Биылғы жылы қаланың түкпір-түкпірі безендірілді. Енді мерекелік көңіл-күйге ену үшін қала орталығына барудың қажеті жоқ.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Жаңа жыл мерекесіне орай, жаңа 13 жерде - Сайран көлі, «Гүлдер» және «Family Park» саябақтары, Ганди және Байсейітова алаңы, Айнабұлақ, Жасқанат, Көкжиек және Құлагер шағын аудандарына сахналық декорация орналастырылды. 

Фото: Александр Павский/Kazinform

Ертегі кейіпкерлерінің жарықтандырылған кейіпі, алып қар кескіні және жарқыраған бұғылар аулалар мен жергілікті саябақтарда жаңа жылдық атмосфера тудырды. Қазір мұнда қала тұрғындары күнделікті серуен құрып жүр. 

Фото: Александр Павский/Kazinform

Қою қараңғы түссе де Алматы жап-жарық күйде қала береді. Шаһардың 38 шақырымнан астам көшесі гирляндалар ілініп, безендірілді. Әуежайдан шыққан қала қонақтарын түрлі-түсті шамдар қарсы алып, қала орталығына дейін жол сілтейді.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Құлжын тас жолы мен Шығыс айналма жолы да (ЕБР) мерекеге сай безендірілген.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Kazinform

Айта кетейік, Жаңа жыл мерекесіне орай, Алматыда өтетін шараларды мына сілтемеден көруге болады.