Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесу фактілері анықталды - полиция
19:11, 12 Қаңтар 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Қылқан жапырақты жас ағаштардың заңсыз кесілуінің, тасымалдануының және сатылуының жолын кесу мақсатында «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында 711 жұмылдыру тобы құрылды. Жалпы 2450 рейдтік іс-шара өткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1011 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: ағаштарды заңсыз кесудің 8 фактісі; белгіленбеген жерлерде сатудың 574 фактісі; жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзудың 429 фактісі.
4,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Одан бөлек, 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
Осыған дейін Жаңа жылдық мерекеде пиротехникалық құралдардан 63 адам зардап шеккенін жаздық.