12:39, 19 Маусым 2009
Жаңа жобалар Астана күніне арналады - шілденің 6-сында «Хабар» телеарнасында болатын премьералар
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасы Астана күніне бірнеше жаңа жобалар дайындап отыр.
Ол бағдарламалардың тұсаукесері «Еларна» және «Хабар» телеарналарында шілденің 6-сы күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, Астана күніне арналған «Время новых возможностей» деректі-хроникалық фильмі көрсетіледі. Әлем тарихында күрделі кезеңдер әрқашан болған. Және ол кезеңдер әрқашан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашып келді. Сол сәттерді дер кезінде байқап, пайдалана білу маңызды. «Время новых возможностей» деректі фильмінде жаңа тарихтағы дағдарысты оқиғалар «интерьеріндегі» Қазақстан Басшысының портреті көрсетіледі. Шілденің 6-сы күні «Хабардан» көріңіздер. «Жиырма жыл» деректі фильм. Қазақстанның 1989 жылдың сәуір айынан бергі Қазақстан тарихынан үзінділер. Адамдар, тағдырлар, атаулы оқиғалар, фактілер, комментарийлер. «Жиырма жыл» деректі фильмінде мемлекеттің қалыптасуы, Қазақстан Басшысының тарихи рөлі көрсетіледі. «Со столицей ? «на ты»!» телефильмі. Фильмнің бас кейіпкері - жас журналист, Л.Гумилев атындағы университеттің түлегі өзінің алғашқы репортажын әзірлеуде. Кәсіптері жұмыстың ерекше режіміне негізделген ? тәулік бойы жұмыс істейтін адамдар туралы репортаж. Жеті кәсіп, жеті тарих, жеті диалог. «Патриоты» деректі фильмі. Нағыз патриот деген кімдер? Біздің әрқайсымыз бұл сөзге әртүрлі мағына береміз. Бірақ фильм кейіпкерлері, патриот дегеніміз - өз мүдделерін ел мен халықтың мүддесіне бағындыруға әзір адамдар, деп санайды. «Патриоты» фильмінде республика халқы мақтан тұтатын патриоттар туралы сөз болады.