АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырза қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жылмен мемлекеттік тілде құттықтады.
«Құрметті қазақстандық достар! Мен сіздерді шын жүректен келе жатқан 2018 жылмен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан және мол бақыт тілеймін. Достығымыз мәңгі босын. Сіздерді жаңа 2018 жылда Францияға сапар шегуге шақырамын» делінген видео құттықтауда.
Сондай-ақ, елші роликтің соңында орыс және француз тілдерінде құттықтау жолдады.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.