Осы шараға қатысқан стипендиаттардың бірі Қанат Әуесбайдың сөзіне қарағанда, шара барысында балалар өз қолдарымен қазақтың дәстүрлі тағамдарын әзірлеген.
Акцияға келушілер оны ұйымдастырушылардың қонақжайлығын бағалай алды. Олар бауырсақ, самса, құймақ және басқа да дәмді тағамдарға толы дастарханнан дәм татты. Университетте оқитын шетелдік студенттер, оқытушылар, сонымен бірге қызметкерлер де ұйымдастырушыларға қолдау білдірді.
Акция қорытындысы бойынша, 200 фунт стерлингтен астам ақша жиналды. Қаражат Филиппиннің балаларға көмек көрсету қорына аударылды.