31 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 21:30-да, болжам бойынша, 20-шы қабатта өрт шығып, ғимараттың шатырына дейін шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 14 сағат кетті, деп атап өтті әл-Матруши.
Оның сөзіне қарағанда, қатты жел жалынды сөндіруге кедергі келтірді. Өртпен бес бригаданың құтқарушылары арпалысты. Олардың төртеуі оқиға орнында болған, өйткені бұл ауданда Жаңа жылда қалалық отшашу болады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, адамдар ғимараттан қаупсіз жерге жылдам шығарылды, деп жазды РИА Новости.
Дубай полициясының басшысы Хамис Матар әл-Мазейн айтқандай, 14 адам аздап жапа шекті.