Жаңа жыл қарсаңында қарағай өсетін орман алқаптары күшейтілген күзетпен қорғалуда

None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Жаңа жыл мейрамы қарсаңында қарағай өсетін орман алқаптары күшейтілген күзетпен қорғалуда,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Қайрат Есенғалиевтің сөзіне қарағанда, өңірде қылқан жапырақты ағаш тұқымдары түрінен негізінен қарағай 616 гектар алқапта өсіріледі. Жыл сайын осындай ағаш тұқымдары жиырма гектарға егіліп отырылады. Жаңа жыл мерекесіне орай биыл балабақша-мектептер, мәдениет ошақтары үшін екі мың дана шырша бөлінді. Ал шыршаны заңсыз кескендерге шара қолданылады. Мысалы, шыршаның әр талы үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Биылғы он бір айда орман қорғау бағытында 1364 арнайы рейд ұйымдастырылып, 250 заңбұзушылық анықталса, соның қырықтан астамы - заңсыз ағаш кескендер. Жыл басынан бері өндірілген айыппұл көлемі 888370 теңгені құрады.