Жеке кәсіпкер Қ.Әлімбайдың жалпы құны 15 млн.теңгені құрайтын «Көктем» сауда үйі 2 қабатты. Мұнда 15 сауда бөлмесі мен халыққа қызмет көрсету орындары орналасқан. 17 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.
Ал жеке кәсіпкер А.Байсуганованың 20,0 млн.теңге құрайтын «Арзан базарының» 1-қабатында азық-түлік, көкөніс түрлері сатылады. 2-қабатында киім сатуға арналған 12 сауда бөлмесі орналасқан. Жаңа сауда орнын пайдалануға беру арқылы 33 жаңа жұмыс орны ашылды.