Бұл жерде сапалы ауызсу ұзақ жылдар бойы қат болып келді. «Жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа құрылысшылар су тарту құрылғысын қайтадан қалпына келтірді және әрбір ауыл тұрғынының үйіне сапалы ауызсу келуі үшін алты шақырымнан астам құбырлар төселді.
Атқарылған жұмыстардың сметалық құны 80 млн. теңгеден асып жығылады.