Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаңа қонысқа ие болған бес адамға пәтер кілттерін табыс етіп, оларды мерекелерімен құттықтады және жаңа жылда жақсылық тіледі.
Құны 275,7 млн. теңге болатын 70 пәтерлі екі үйдің құрылысын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жамбылхимқұрылысинжиниринг» ЖШС жүргізген.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда Тараз қаласында үй алу үшін 3 281 адам кезекте тұр.