деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев қоныс тойын тойлаушыларға пәтерлердің кілттерін тапсыра отырып, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған әлеуметтік саясатының жер-жерлерде белсенді түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атады.
«Біздер жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. 2010 жылдың бірінші тоқсанында жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй бағдарламасы бойынша 70 пәтерлік жаңа үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді әкім.