СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Аталған іс бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық бетін ашу үшін облыстық ІІД мен Қызылжар аудандық ІІБ-нің қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру тобы құрылды», - деп хабарлайды құзырлы ведомствоның баспасөз қызметінен.
СҚО ІІД-нен хабарлағандай, қылмыс барысында күзет агенттігінің қызметкері шабуыл жасаған екі адамның бірін оқ атып жаралаған. Кассадағы әйел де оларға айтарлықтай қарсылық танытқан көрінеді. Алайда қылмыскерлер оқиға орнынан жедел із суытып кеткен.