Жаңа жыл түні Алматыда қалыпты жағдайда өтті

АЛМАТЫ. 2 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- Жаңа жылды қарсы алу түні Алматыда аса шулы оқиғаларсыз өтті. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Алматы қалалық азаматтық қорғаныс, жедел дайындық, табиғи қауіптер мен апаттардың алдын-алу, ауыздықтау департаментінің бастығы Бауыржан Ысқақов айтты.

«Кішігірім өрттер орын алды, алайда олар тез сөндірілді. Жалпы алғанда жағдай қалыпты, зардап шеккендер жоқ»,- деді ол. Оның айтуынша, қалалық арнайы қызмет дайындық жағдайында тұрған. Алайда аса ірі оқиғалардың орын алмауына байланысты арнайы мекемелердің қызметі де күнделікті жағдайда өткен.