Жаңа жыл түні елордалық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа жылды мерекелеу кезінде Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық полиция басшысы Ержан Сәденовтің айтуынша, жалпы жаңа жыл түні тыныш өтті. Ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ.

«Өткен тәулікте елорда аумағында 9 қылмыс тіркелді, оның алтауы «ізін суытпай« ашылды. Полицияның «102» шұғыл шақыру пультіне азаматтардан 2 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Бұл негізінен жол қозғалысы ережелерін бұзу, түнгі тыныштықты бұзу және отбасылық жанжалдар», - деді Е. Сәденов.

Сонымен бірге, елорда жолдарында 73 жол-көлік оқиғасы тіркелді, жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін бір жүргізуші ұсталды, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін! Заңсыз әрекеттер жасамаңыз, жол ережелерін сақтаңыз, жолдарда абай болыңыз. Балаларды өрт сөндіргіштерді өздігінен бастауға жол бермеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!»,- деді елордалық полиция басшысы.