«Локомотив» АҚ баспасөз қызметі атап өткендей, депо жанындағы резервте 300-ге жуық машинист пен машинист көмекшілері болады. Олардың басты міндеті - локомотивтерді уақтылы орналастыруды және күзетті, тепловоздар мен электровоздар қызметін қамтамасыз ету.
-Бұдан басқа, жаңа жыл түні жұмыс орнында кезекші аппараттан 200-ге тарта қызметкер болады: депо кезекшісі, депо басшыларының ішінен нарядшылар мен жауапты тұлғалар. АҚ орталық аппаратында да мереке күндері кезекшілік ұйымдастырылған.
Жаңажылдық мерекенің темір жол көлігінің жұмысына мүлдем қатысы жоқ. Локомотив штатты режімде жұмыс істейді. Пойыз қозғалысы кесте бойынша жүзеге асырылады, - деді вице-президент Айтым Құрақбаев.