Мереке күндері жол полициясы қызметкерлері жоғары дайындық режімінде жұмыс істеді. Ерекше төтенше оқиғалар Жаңа жыл түнінде де, одан кейінгі күндерде де орын алған жоқ. 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қалада адамдар зардап шеккен немесе мас жүргізушінің қатысуымен орын алған бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.
2011 жылдың 1-4 қаңтары аралығында 5 адам жарақат алған 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Толықтай алғанда осы күндері жол полициясы қызметкерлері мыңнан астам жол ережесі бұзылғандығын анықтады. Оның ішінде 56 мас жүргізуші ұсталып, 67 жылдамдықты асыру, 7 қарсы жолға шығу фактісі анықталса, 50 көлік айып тұрағына қойылды.