Қазір облыс әкімшілігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келіссөздер жүргізуде. Президент тапсырмасы бойынша су, электр қуаты, жылу энергиясы, газ және басқа да қызметтердің бағасы төмендетілуі тиіс.
Осылайша, Қарағанды облысында электр қуаты орташа есептегенде 8%, жылу және сумен қамту 5 %, лифті қызметтері 5%, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару 10%, баллондық газ 7% төмендейді.
Пәтер иелері кооперативтері өз бағасын орташа есептегенде 3 % түсіруге келісті.
Бұған қоса, халық үшін көмір бағасы да төмендетіледі. Орта есеппен алғанда бір тонна үшін 2000 теңгеге кемиді.
Жалпы аймақ тұрғындары коммуналдық қызмет үшін алдағы жылы 2018-ші жылмен салыстырғанда 3,2 млрд теңгеге аз төлейді.