Жаңа жылда Париждегі Елисей алаңына миллионға жуық адам жиналды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Париждегі Елисей алаңына жаңа жылды қарсы алу үшін 1 миллионға жуық адам жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Франция билігінің хабарлауынша, сенбі күні кешке жаңажылдық жарқыраған Париж қаласының даңғылдарында тұрғындар мен туристердің қарасы көп болды.

Елисей алаңы және Шанз Элизе-Париждің орталық көшесі - Франция астанасының 8-ші округінің басты магистральдарының бірі. Париждіктер мен туристер келісім алаңынан Елисей салтанатты аркаға дейінгі мерекелік безендірілген екі шақырым жолды жүріп өтті.

Өз кезегінде шаһар әкімдігі 500 мың адам жиналады деп күткен. Пандемияға дейін әлемнің әдемі көшелерінің біріне жаңа жыл қарсаңында шамамен 250 мың адам, 2018 жылы 300 мың және 2017 жылы 500 мың адам саяхаттаған.

Франциялық БАҚ-тың мәлімітенше, көлік қозғалысы үшін жабық даңғылда көпшілік бақылау-өткізу бекеттері арқылы өтеді. Адамдар мен сөмкелері тексеріліп, өзімен бөтелке су алып жүруге, алкоголь сатуға және оны пайдалануға тыйым салынады. Аталған талаптар дүйсенбіге дейін сақталады.

Жаңажылдық отшашудың мыңдаған адам ұялы телефонына түсірді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жаңа жыл қарсаңында ауа температурасы шамамен 15 градусқа жылы болды.

Елисей алаңындағы тәртіпті айтарлықтай көлемдегі полицейлер күзетті. Мереке күндері Францияда 90 мыңға жуық полиция жұмылдырылды, оның ішінде Париждің өзінде 5,4 мың тәртіп сақшысы жұмыс істеді.