ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жаңа жыл мерекесінде өңір бойынша өрт оқиғалары жиілей түседі.
Бұған пиротехника қолданған кездегі қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болып жатады.
«Жаңа жылдың Бенгал шамы және мерекелік отшашусыз өтпейтіні белгілі. Алайда пиротехникадан өрт шығу қаупі бар екендігін ұмытпау керек. Тіпті одан от тұтанып қана емес, адамның жарақат алуы да әбден мүмкін. Петардаларды, Бенгал шамы мен түрлі отшашуды сатып алған кезде ең алдымен неге назар аудару қажет? Әуелі өнімнің сертификатталғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу керек. Оны сақтау мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз. Егер өнім мерзімі өтіп кетсе, пиротехниканы ешқандай жағдайда қолдануға болмайды», – дейді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Сембаев.
Оның айтуынша, қаптама бүтін, жыртылмаған болуы тиіс.
Пиротехниканы жаққан кезде темекі шегуге қатаң тыйым салынады.
Көліктердің жанында отшашуды атуға болмайды.
50 метр радиуста өрт қаупі бар объектілер болмауы қажет.