Бүгін ҚР ИДМ Автокөлік жолдары комитетінің жол қызметі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлескен селекторлық отырыс болып өтті.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі Төлеген Абдуллиннің айтуына қарағанда, Жаңа жыл мерекесінде тәулік бойы 300 техника тоқтаусыз жұмыс істейтін болады. Мереке күндері 423 мың литр мөлшерінде бензин мен 1 113 тонна дизелдік отын дайындалған.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, жаңа жыл кешінде қар жаумайды, аяз түседі. Батыста ауа температурасы 10-15 кей жерлерде 20 градус, солтүстік аумақтарда 20-25 кей жерлерде 28, шығысында 20-25 кей жерлерде 30 градус, оңтүстікте - 5-10 кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз күтіледі.
Жалпы, Қазақстанда 2017-2018 жылдар үшін 130 мың кубометр құм мен 13 тонна тұз дайындалып қойған. Жолдардың бойында 194 өндірістік база, 106 қазандық, 139 жылыну пункті мен 84 қойма бар. Қыс мезгіліндегі жолдарда туындайтын мәселелерді шешу үшін биыл 1300 техника дайындалған.
Жүргізушілер мен жолаушылар республикалық маңызы бар жолдар туралы шұғыл ақпарттарды қалалық 7 7172 444 777 және мобильдік 7 771 7444 777 (WhatsApp) нөмірі арқылы біле алады.