Жаңа жылдан бастап Қостанайда автобус жолақысы қымбаттайды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қостанайда қоғамдық көліктің тарифі көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТКШ бөліміне сілтеме жасап.

Ведомство Әділет министрлігі тарифті көтеру туралы қаулы тіркегенін хабарлады.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктік аударым арқылы автобуспен жүру құны 100 теңгені құрайды. Қолма-қол ақшамен төлеу -170 теңге. Қала маңындағы маршруттарда жол жүру құны пропорционалды түрде өседі. Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қала маңындағы барлық бағытта сараланған тариф жұмыс істей бастайды», - деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Қала маңындағы автобустарда төлем былай жасалады: банктік аударым арқылы – белгіленген 80 теңгеге 1 км үшін 5 теңге қосылуы керек.

«Мәселен, Тобылға дейін 2 шақырым, жалпы сомасы - 90 теңге. Төлем қолма-қол жасалса, 1 км - 10 теңге тұрады. Алынған соманы 150 теңгеге және қалаған елді мекенге жол жүру ақысына қосу керек: Тобылға – 170 теңге, Заречныйға – 190 теңге. Дәл осындай схема қала маңындағы барлық бағыттарға қатысты болады», - деп түсіндірді бөлім қызметкерлері.

Сонымен қатар, Қостанайда 2017 жылдан бері қоғамдық көліктегі жолақы өспегені де айтылды.