Жаңа жылдан бастап ҚР бірқатар өңірлерінде электр энергиясына тариф төмендейді
Суға, жылуға тариф бұрынғыша қалады, деп нақтылады ол. «Тариф белгілеу - тұрақты үдеріс екенін түсіну қажет, тарифтерді өзгерту - біздің міндетіміз. Бұл ретте тарифті өзгерту дегеніміз тек бағаны көтеру емес, сонымен бірге оны ұстап тұру және төмендету. Сонымен, 2016 жылы кей өңірлерде электр энергиясына тариф төмендейді, және суық су мен жылуға тариф бұрынғы деңдейде қалады», - деді С. Жұманғарин. Сонымен, Комитет деректері бойынша Атырау облысында электр энергиясына баға орташа 0,7 пайызға - 13,85-тен 13, 75 теңгеге, Ақтөбе облысында 2015 қараша мен 2016 жыл аралығы кезеңінде электр энергиясына баға орташа 2,3 пайызға-14,21-ден 13,89 теңгеге төмендейді. Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында суық суға тариф сол күйінде қалады, Ақмола, Алматы облыстарында жылуға тариф өзгермейді. Тарифтерді өсіру инфляция дәлізін есепке алып жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың соңына дейінгі болжамдық салым 1,2 пайыз көлемінде болжанады. Бұл ретте, орташа тариф өсімі 10-20 пайыздан аспайды.