Жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады:

- 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады.

- Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі.

- Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау.