Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, осыған байланысты жауын-шашын түседі, тек солтүстік-батыс және солтүстікте күн райы ашық болады. Еліміздің кей аймақтарында көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.