Жыл сайын 29 желтоқсанда британдықтар өздеріне ұнамаған сыйлықтарды желіге шығарып, жаңа жылдың алдында сатып жіберуге тырысады. eBay есебіне сәйкес, ондай сыйлықтардың саны 80 млн-ға жетті. Ал қажетсіз сыйлықтардың жалпы соммасы 1 млрд долларды құрап отыр. Осы санаттағы заттардың ондығы да жасалды.
Осылайша, ең қажетсіз сыйлықтардың тізімінде Blu-ray мен DVD-дискілер бірінші орында тұр. Одан кейін вазалар мен шамдар сияқты интерьер заттары, құрал-саймандар, смартфондар, жиһаз, әйелдердің сөмкелері, тұрмыстық техника, ерлер мен әйелдердің аяқ киімдері келеді. Ең соңғы орында - парфюмерия.