Кеше, 14 сәуірде Жаңаарқа ауданында халықты коронавирусқа қарсы егу басталды. Бірінші болып әкім Юржан Бекқожин, ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Мұсабекова және т. б. екпе алды.
Жаңаарқа ауданына 3 мың доза «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Барлық тұрғындар вакцинациядан өте алады.
Вакцинациялау пункті Жаңаарқа кенті, С.Сейфуллин даңғылы, 63 мекенжайы бойынша орналасқан. Егу кабинеті күн сайын 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді (демалыссыз).