«Елдегі және біздің өңірдегі эпидемиологиялық жағдай оңай емес. Барлық шектеулерге қарамастан, адамдар жұқтыруды жалғастыруда. Ал бұл қауіпті аурудың одан әрі таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцинация. Жаңаарқада 08: 00–ден 20: 00-ге дейін жұмыс істейтін стационарлық екпе пункті бар. Сонымен қатар, әр елді мекенде вакцинаны алуға болатын отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар бар», – деп атап өтті Жаңаарқа ауданының әкімдігінде.
3 тамыздағы мәлімет бойынша, Қарағанды облысында бірінші компонентпен 392 445 адам егілді, 276 294 тұрғын вакцинаның екінші дозасын алды.