Жаңабаев кәсіпқой рингте екінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Куньминде (Қытай) 24 жасар қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев (айқасқа дейін: 1-0) он раундтық жекпе-жекте тәжірибелі 32 жастағы филиппиндік Арнел Тинампейді (айқасқа дейін: 22201 8КО) тоғызыншы раундта сүріндірді, деп хабарлайды «Профи Бокс Казахстана» тобы ВКонтакте.

Нұрсұлтан Жаңабаев  өзінің кәсіби мансабын 22 қазанда Қытайда бастаған. Дебюттік айқаста ол жергілікті қарсыласы Син Син Янды (11-5-3) жеңіп, алғашқы жекпе-жектің өзінде WBA нұсқасы бойынша Қытай чемпионы атанды, деп жазады Sports.kz.