Жаңадан анықталған түрлердің ондығын тропикалық пальма бастап отыр

МӘСКЕУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Аризона Университетінің жанындағы Түрлерді зерттеу жөніндегі халықаралық институт таксономистердің халықаралық комитетімен бірлесе отырып, алғаш рет 2008 жылы анықталған ең қызықты жәндіктер мен жануарлардың және өсімдіктердің ондығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Университеттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, рейтингке көлемі бұршақтай ғана теңіз аты, кофеині жоқ кофе ағашы, шашты сәндеуге арналған арналған көбіктің құрамындағы бактериялар, ұзындығын небәрі 104 мм құрайтын өте кішкентай жылан, ұзындығы 0,5 метрге жететін ең үлкен жәндік, бүгінгі күнгі ең танымал тірідей туатын омыртқалының сүйектері, өте епті, денесі шыр айналатын ұлу кіріп отыр. Тізімдегі бірінші орын гүлдегеннен кейін солып қалатын тропикалық пальмаға бұйырды. Бұл тізімге сондай-ақ тереңде жүзетін көгілдір қарлығаш-балық та кіргізілген. Таксономистер сондай-ақ Жер бетінде тіршілік ететін түрлер туралы адамзаттың білімі туралы есепті жариялап отыр. Бұл есепке сәйкес, 2007 жылы жануарлар мен жәндіктердің 18 516 жаңа түрі ашылған. Ең қызықты және жаңадан ашылған түрлердің рейтингі жыл сайын мамырдың 23-інде - флора мен фаунаның заманауи биноминальды номенклатурасының негізін қалаған швед дәрігері және натуралисі Карл Линнейдің (1707-1775) туған күнінде жарияланады.