Жаңадан Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Фото: None
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Жаңадан Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
Атап айтқанда, Білім және ғылым вице-министр қызметіне Тахир Балықбаев тағайындалды. Министрдің айтуынша, жаңа вице-министр ғылым, жастар саясаты мәселелерін қадағалайтын болады.