Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының депутаттарымен кездесуі барысында жаңадан құрылған министрліктің кадрлық мәселесіне байланысты қойылған сауалға жауап беру кезінде Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Министрліктің қазір барлық штаты толық. Жаңа үш департамент аштық»,- деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, министрлік өзінің жұмысын атқаруы үшін штаты жеткілікті.
«Кадр жағынан проблемалар бар. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік қызметке кейбір білікті кадрлар барғысы келмейді»,- деді Ж. Айтжанова.