деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Аманбек Қалжанов балғындар орталығының ашылуының рамазан айымен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балап, барша жұртқа қызық-қуаныш тіледі. Жаңа балалар мекемесінде 46 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, олар да мәз. Бұл шаруаға республикалық және жергілікті бюджеттен 140 миллион теңге қаржы жұмсалды. Іші-сырты көз тартар мекемеде барлық жиһаз-жабдықтар, басқа да қажеттіліктер алынып, орнатылған. Нәтижесінде ойын, музыка, демалыс бөлмелері, жатын орны мен асхана жақсы көз тартады. Ауладағы ойын алаңы да талапқа сәйкестендірілген.