«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы саналады», - делінген Үкімет қаулысында.
Құжатта көрсетілгендей, министрліктің құрамына мына ведомстволар енеді:
1. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
2. Туризм индустриясы комитеті.
Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігінің қызмет бағыттары айқындалған:
- дене шынықтыру және спорт;
- ойын бизнесі;
- лотереялар және лотерея қызметі;
- туристік қызмет, туризм және туристік индустрия.
Министрліктің және оған бағынысты ведомстволардың қарамағына мына ұйымдар кіреді:
- Республикалық спорт колледжі;
- Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы;
- Спортты дамыту дирекциясы;
- Спортшылардың допингке қарсы зертханасы;
- Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы;
- Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы;
- Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы;
- «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы;
- «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы;
- «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі;
- Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы;
- Допингке қарсы ұлттық орталық;
- «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы;
- «Қазспортинвест» АҚ;
- Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы.
Үкімет қаулысының жобасы 18 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.
Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен 5 жаңа министрлік құрылды.